«Green Campus» жобасы аясында, «Айналаңды көгалдандыр» атты тақрыпта пікір сайыс өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих, археология және этнология факультеті, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығының 2 курс студенттерімен «Green Campus» жобасы аясында 2017 жылдың Сәуірайының 5-ші жұлдызында қоршаған ортаны қорғау, экологияны жақсарту мақсатында осы шараны қолға алғалы отыр. Табиғат аясына аяушылықпен қарап, оның құндылықтарын сақтау мақсатында студенттермен «Айналаңды көгалдандыр» атты тақрыпта пікір сайыс өтті. Пікір сайыс барысында студенттердің көкей кесті ойларымен пікір алмастық.

Ұйымдастырушылар:Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығының 2-курс             студенттері.

Жетекші: Филос.ғ.к., дінтану және мәдениеттану кафедрасының доцент қызметін атқарушы Бияздыкова К. А

 

Басылым күні :  09.04.2017