«Тәні саудың – жаны сау» жобасы аясында, «Нашақорлық – қауіпті дерт» атты іс-шара өткізді.

 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті тарих, археология және этнология факультеті, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығының 2-курс студенттері «Тәні саудың – жаны сау» жобасы аясында ақпан айының 20-шы жұлдызында жаман әдеттерді болдырмау мақсатында «Нашақорлық – қауіпті дерт» атты іс-шара өткізді. Шара барысында студенттер нашақорлық туралы көптеген мәліметтермен бөлісіп, соңында дискуссия арқылы сұрақтармен алмасты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.

 Ұйымдастырушылар: Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығының 2-курс                                  студенттері.

Жауапты: дінтану және мәдениеттану кафедрасының филос.ғ.к., доцент м.а. К. Ә. Бияздыкова және «Мәдениет.kz» клубы.

Басылым күні :  01.03.2017