“Жаны саудың-тәні сау” жобасы аясында қыздар арасында баскетболдан мамандықтар бойынша жарыс өткізді.
Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 4 курс мәдениеттану мамандығының қыздары мен тарих және археология факультетінің 2 курс Кітапхана ісі мамандығының қыздарымен Халықаралық қатынас факультетінің спорт залында 2017 жылдың ақпан айының 22-ші жұлдызында “Жаны саудың-тәні сау” жобасы аясында қыздар арасында баскетболдан мамандықтар бойынша жарыс өткізді. Шара барысында қыздар жақсы ойын көрсетіп, тең ұпаймен аяқтады.
Ұйымдастырушылар: Доцент м.а. «Мәдениет.kz» клубының жетекшісі
Бияздыкова К.Ә. және мәдениеттану мамандығының 4 курс студенттері

Басылым күні : 01.03.2017






