«Этноконфессиялық қатынастар: толеранттылық мәдениетті жетілдірудің жолдары» атты докторлық диссертациясы ғылыми семинар


2016 жылдың 22-қарашасында Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының «6D020600-Дінтану» мамандығының 2 курс докторанты Нұрлан Мұхаметқалиұлы Балпановтың «Этноконфессиялық қатынастар: толеранттылық мәдениетті жетілдірудің жолдары» атты докторлық диссертациясы ғылыми семинарда талқыланды.
Ғылыми семинар барысында 2 курс докторантыНұрлан Мұхаметқалиұлы Балпановтың «Этноконфессиялық қатынастар: толеранттылық мәдениетті жетілдірудің жолдары» атты докторлық диссертациялық жұмысының жалпы сипаттамасымен, өзектілігімен, мазмұнымен, құрылымымен, ғылыми-теориялық және әдіснамалық негіздерімен таныстырып шықты. Ғылыми жұмысына байланысты қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді.
Ғылыми семинарға докторант жетекшісі философ.ғ.д, профессор З.Н. Исмагамбетова, 4-курс «мәдениеттану» мамандығының студенттері қатысты.






