«100 кітап» жобасы аясында «ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ зиялылары дін туралы» атты ғылыми-танымдық ашық сабақ өткізілді.

3 желтоқсан күні Тарих,археология және этнология факультетінде«Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының ІІ курс студенттерімен сағат 10:00-де, Дін және мәдениет сабағында аталмыш тақырыпта тәрбиелік мәні зор, өскелең ұрпақ санасына сүбелі ақпарат беретін ашық сабақ өткізілді. Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Мұқан Нұрзаттың бастамасымен ұлттың салт-санасындағы: дін мен дәстүр сабақтастығы, ақын-жырауларымыздың дін туралы еңбектері мен пікірлері, «Алаш» зиялыларының ұлтымыздың тілі мен діні үшін күрес жолы, «100» кітап жобасындағы діни еңбектер мәселелеріндегі кейбір сұрақтарға жауап берілді. Ұлтымыздың санасындағы мұсылманшылдық түйсік пен діннің, ділдің тірегі не екеніне жауап берілді. Сонымен қатар студенттер арасында тақырып мәнін ашатын қызықты деректер мен берері мол өнегелі әңгімелер өрнегі әдемі өрбіді. Сабақ барысында ақындарымыздың дін мен дәстүрге арналған өлең жолдарымен танысып студенттер мол рухани азық жинап қайтты.Сұрақ-жауап арқылы есте жүрерлік біраз мәліметтер мен дәстүріміздегі күні бүгінге дейін қолданылатын ырым-тыйымдар діни сипатта сындарлы пікірлер арқылы талқыланылды. Студенттер мен сабақ қонақтары біраз мәлімет алып қайтты. ХІХ-ХХ ғасырдағы ақындарымыз бен ұлт зиялыларының халқымыздың тілі мен діні үшін аянбай еңбек еткеніне тағы да көзіміз жетті.

Басылым күні :  07.12.2016