«100» жобасы аясында «Диуани хикмет» атты ғылыми-танымдық ашық сабақ өткізілді.

5 желтоқсан күні Филология және әлем тілдері факультетінде қазақ филологиясы мамандығының ІІ курс студенттерімен сағат 15:00-де, Дін және мәдениет сабағында аталмыш тақырыпта тәрбиелік мәні зор, өскелең ұрпақ санасына сүбелі ақпарат беретін ашық сабақ өткізілді. Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Мұқан Нұрзаттың бастамасымен ұлттың салт-санасындағы, әдет-ғұрып мәселелеріндегі кейбір сұрақтарға жауап берілді. Ұлтымыздың санасындағы мұсылманшылдық түйсік пен діннің, ділдің тірегі не екеніне жауап берілді. Сонымен қатар студенттер арасында тақырып мәнін ашатын қызықты деректер мен берері мол өнегелі әңгімелер өрнегі әдемі өрбіді. Сұрақ-жауап арқылы есте жүрерлік біраз мәліметтер мен дәстүріміздегі күні бүгінге дейін қолданылатын ырым-тыйымдар діни сипатта сындарлы пікірлер арқылы талқыланылды.

 

Басылым күні :  07.12.2016