«Мәдениет KZ» клубы аясында «Бірегей Азия» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

16 Қараша 2016 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде, аға оқытушы Бияздықова Кенжегүл Әлімбекқызының басқаруындағы «Мәдениет KZ» клубы аясында, философия ғылымының докторы, дінтану жане мәдениеттану кафедрасынын профессоры, академик Ғабитов Тұрсын Хафизұлы мен мәдениеттану мамандығының 2-курс магистранты Даулеткелді Шалқардың ұйымдастыруымен, мәдениеттану 2 және 3 курс студенттері және мәдениеттану 2 курс магистранттарының қатысуымен «Бірегей Азия» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел аясында Азия мәдениетінің бастамашылық рөлі сонымен қатар адамзат мәдениетіне қосқан өшпес үлесі таныстырылды. Әрі терең қатпарлы қазақ мәдениетінің маңызы қарастырылды.

Басылым күні :  06.12.2016