«100 кітап» жобасы аясында «Шәкәрім Құдайбердіұлының Үш анық кітабы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

         2016жылдың 3 желтоқсанында сағат 13.00-де, 424 аудиторияда «100 кітап» жобасы аясында, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға-оқытушысы Мұқан Нұрзат және тарих, археология және этнология факультетінің, археология және этнология мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Шәкәрім Құдайбердіұлының Үш анық кітабы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы презентация көрсетіліп, студенттер оның өмір жолы мен «Үш анық» кітабын жазудағы мақсатын түсіндірді. Сонымен қатар, Шәкәрім Құдайбердіұлының басқа кітаптары да айтылды.

Студенттер «Үш анық» кітабын жан жақты талқыланып, ұждан мәселесесіне төтенше мән берді. Ұждан екі өмір үшін де қажет екен. Өлерін білген екі адамның біреуі жанның жоғалмайтынын, бұдан да таза болып жоғарылайтынына сенсе, үлкен үмітке қол артып, қуаныш сезіміне бөленеді. Ал, өлген соң жан жоғалады деген өкініште болып, үмітсіздік дариясының барсакелмес қайығына мінеді деп ашық сабағымыз қорытыланды.


Басылым күні :  05.12.2016