«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Тәуелсіз Қазақстандағы ислам» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

         26 қараша күні сағат 12.00 де, 413 аудиторияда «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға-оқытушысы Мұқан Нұрзат және журналистика факультетінің «Баспа ісі» мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында ислам діні туралы презентация көрсетіліп, студенттер осы тақырып аясында көптеген құнды мағлұматтар алды. Сонымен қатар қасиетті Құран кәрім жайлы да қызықты мәліметтер айтылды.

         Студенттер ислам үрейдің діні еместігін мағынасы терең бейнежазба(видео) арқылы көрсетті

Аталмыш ашық сабақ жоғары дәрежеде, мазмұнды түрде өткізілді.

Басылым күні :  30.11.2016