«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Ғибратқа толы ғұмыр» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

21 қараша күні сағат 16.00 де, 302 аудиторияда «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға-оқытушысы Мұқан Нұрзат және филология және әлем тілдері факультетінің, қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Ғибратқа толы ғұмыр» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақ барысында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолы, жасаған амалдары мен ғибраттары және хадистері жайлы презентация,видеолар көрсетіліп, көріністер қойылды. Пайғамбарымыздың мұғжизаларынан үзінділер келтірілді.     

Бұл ашық сабақ жоғары дәрежеде, мазмұнды түрде өткізілді.

 

Басылым күні :  27.11.2016