«Латынамерикандық «із» мәдени ықпалдардың онтологиясы мәселесі» тақырыбындағы шеберлік сағаты

24 қарашада Философия және саясаттану факультетінің 127 аудиториясында «Мәдениеттану» мамандығының 4 курс студенттеріне «Латынамерикандық «із» мәдени ықпалдардың онтологиясы мәселесі» тақырыбындағы шеберлік сағаты өтті.

Аталған кездесуге «ProDance», би академиясының кәсіби оқытушысы, халықаралық фестивальдар мен конкурстардың жеңімпазы Әлішер Базаров арнайы қонақ ретінде шақырылды. Кездесу қонағы латынамерикандық билердің шығу тегі, ерекшеліктері және түрлері жөнінде айтып берді. Басты назарды қазіргі кезде танымал сальса, бачата, кизомба тәрізді әлеуметтік билерге аударды. Латынамерикандық билердің қимыл-қозғалысы студенттердің ерекше назарын аударды.

Ұйымдастырушылар: филос. ғ.д., профессор Ә.Р. Масалимова, «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс докторанты А. Наисбаева

 

Басылым күні :  27.11.2016