“ 100 кітап” жобасы аясында ,“Дін және ғылым”

Химия және химиялық технология факультетінде “ 100 кітап” жобасы аясында 2016 жылдың 15 – ші қарашасында сағат 13:00де Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Мұқан Нұрзат және органикалық заттардың химиялық технологиясының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен “Дін және ғылым” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Бұл сабақ барысында студенттер жалпы дін жайлы және дінмен ғылымның тығыз байланысын көрсетті.Соның ішінде ислам діні жайлы біраз жаңа мағлұматтармен танысты. Дін және ғылым, тіпті өнерде- бір ағаштың бұтағындай дей келе, адам баласы қашанда ізденісте болу керек, өйткені бұл- дініміздің 40 парызының бірі.

 

 

Басылым күні :  25.11.2016