«Жыл таңдауы-2016»

16 қарашада философия ғылымдарының докторы, профессор А.Р Масалимованың, докторант А.Наисбаеваның жетекшілігімен мәдениеттану мамандығының 4 курс студенттері Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Алматы Арена» сарайындағы шоу-концертке қатысуға мүмкіндік алды.

Ұлттық музыкалық премия бірінші рет өтті. Мұндай шараны музыкалық каналдар өткізетін, бұл жолы «Қазақстан» телеарнасы өткізді.

Біз ұлттық музыкалық премияның табысталуына куәгерлік еттік. Сонымен қатар іс-шараның энергетикасын сезіндік. Отандық музыканың және мәдениеттің, патриотизмнің өрістеуіне көмектесетін іс-шаралардың өткізіліп жатқанын атап өткен жөн.

Қазылар ең үздік әндерді таңдады. Дауыс беру онлайн түрде өтті. Қазылар құрамында танымал өнер қайраткерлері, медиа тұлғалар және қоғам қайраткерлері болды. Ұйымдастырушылар көрермендерді сүйікті әншілермен ғана емес, қазақстандық жаңа әншілермен де қуантты. Түрік әншісі Бурай, қытай сахнасының жұлдызы, «Қытайдың бала даусының» жеңімпазы Арай Айдарханұлы кештің жарқын жұлдыздары болды.

Басылым күні :  22.11.2016