дінтану және мәдениеттану кафедрасының «Мәдениет.kz»клубы және Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Көзқарас» клубының ұйымдастыруымен өткен жиын

Экстремизм жайындасөзболғанда «діни» сөзінқолданбағанымызабзал. Еш бір дін экстремизмге үгіттемейді. 2016 жылғы 9 қараша күні дінтану және мәдениеттану кафедрасының «Мәдениет.kz»клубы және Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Көзқарас» клубының ұйымдастыруымен өткенжиындаосындайпікірлерайтылды. Бұлмәселетөңірегінде Алматы қаласы Діни істер жөніндегі басқарманың сараптама және зерттеу орталығының бөлім меңгерушісі ТұрсынТаңатарұлы, Нұр-Мүбәрак мешітінің бас имамы Құрмет Смағұлов, Философия, саясаттану және дінтану институтының маманы Мұрат Смағұлов, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Дүрбелеңқызы сөз қозғап, ой бөлісті.

Бұл басқосуда қалайша діни сауаттылығымызды арттыруға, жастарға қалай дұрыс мәліметтерді жеткізуге болатындығы жөнінде айтылды. Сарапшылардың озық пікірлері мен аудиторияның орынды сауалдары тақырыпты тереңдете түсті.

Өз болашағы үшін алаңдайтын еліміздің әр азаматы бұл мәселені айналып өтпесі анық. Шақырылған мамандар бүгінгі тәуелсіз елде мұндай тақырыптарды еркін көтеріп, талқылауымыздың өзін жетістік деп бағалады.

Мән-мағынасы мол кездесу өз міндетін толығымен орындады деп айтуға болады. Әрбір қатысушы өзіне керегін ала білгеніне сенімдіміз. Дініміздің діңгегі берік болсын.

 

А.Т. Сариева, 2 курс магистранты

М.Б. Аликбаева, Дінтану және мәдениеттану

кафедрасының оқу-әдістемелік және тәрбие

ісі жөніндегі меңгеруші орынбасары

Басылым күні :  14.11.2016