«Нұр» дінтанушылар клубы

2016 жылдың 8 қарашасында «Нұр» дінтанушылар клубының ұйымдастыруымен Көкжиек баспасында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын К.Құныпияұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында қаламгердің «Кемпірауыз» атты жаңа кітабы таныстырылды. Аталған жиынға Ғ.Жайлыбай, Н.Ораз, Т.Тәшенов, Д.Байтұрсынұлы т.б. ақын-жазушылар және де ҚазҰУ оқытушылары, студенттері қатысты. Оқырмандар К.Құнипияұлына сауалдар қойып, ақынның жауаптарын тыңдады. Іс-шара соңында ақын оқырмандарға қолтаңба қойып, кітаптарын сыйға тартты.

Басылым күні :  14.11.2016