100 кітап жобасы аясында Өмірзаққызы Д.И. «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы негізінде ашық тәрбие сағаты.

2016 жылы 11 қараша күні сағат 15:00 де Филология және әлем тілдері факультетінің 318-аудиториясында 100 кітап жобасы аясында дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Мұқан Нұрзат және қазақ филологиясы мамандығының 2-курсының 3-топ студенттерінің ұйымдастыруымен Дамира Ибрагим Өмірзаққызының «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы негізінде ашық тәрбие сағаты болып өтті.

Бұл іс-шара барысында студенттер Пайғамбар (с.а.у) өмірбаянынан көптеген мәліметтер беріп, хадистерінен мысалдар келтірді. Сабақты қорытындылау мақсатында студенттер өзара сұрақтарға жауап беріп, түрлі тапсырмаларды орындады.

Басылым күні :  13.11.2016