«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Ұлттық мәдениеттегі діни дүниетаным» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

10 қараша күні сағат 16.00 де, 316 аудиторияда «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға-оқытушысы Мұқан Нұрзат және филология және әлем тілдері факультетінің, екі шет тілі мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Ұлттық мәдениеттегі діни дүниетаным» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында қазақ дәстүрлері туралы презентация көрсетіліп, студенттер осы дәстүрлерді жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар әлемдік діндер жайлы да қызықты мәліметтер айтылды.

         Студенттер қазақ өміріндегі ең қуанышты сәттердің бірі шілдехана дәстүрін, қоныс тойын көрініс арқылы көрсетті. Студенттер тарапынан ұйымдастырылған көрініс, қазақ халқының бойына сіңген, анасының ақ сүтімен дарыған ата-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды бейнелеп, салт-дәстүрдің толық жоралғыларын орындады деп айтуымызға болады.

Бүгінгі өткізілген ашық сабақ жоғары дәрежеде, мазмұнды түрде өткізілді.

Басылым күні :  11.11.2016