«Наурыз мейрамы: бірлік, мейірім, көктем мерекесі» атты оқу құралының тұсаукесер

2016 жылдың 9 қарашасында «Наурыз мейрамы: бірлік, мейірім, көктем мерекесі» атты оқу құралының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессорлары, Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының басшылығы және профессорлары, белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.

Филос.ғ.д., профессор Ғабитов Т.Х. жетекшілігімен «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс магистранты Манапова А.Б. аталған іс-шараны ұйымдастыруға ат салысып, «Наурыз мерекесі мәдени кластер элементі ретінде» атты тақырыпта баяндама оқыды. Баяндамада Наурыз мерекесінің терең тарихы мен мәдениеттанулық тұрғыдан маңыздылығы мен өзектілігі сөз етілді. Бұл мерекенің мәдени, әлеуметтік-саяси маңызы өте зор. Ежелден бастау алып, ұрпақтан ұрпаққа мирас етілген бай мәдениетіміздің көрінісі. Ұлтаралық татулық пен келісімнің, бірлік пен толеранттылықтың нышаны. Наурыз – жастарда патриоттық сезімді оятатын, еліне, мәдениетіне деген құрметті асқақтататын бірден бір мейрам екені айтылды.

Басылым күні :  11.11.2016