«Патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлаудағы миссионерлік әдістердің рөлі» диссертация тақырыбына ғылыми семинар

2016 жылдың 9 қарашасында филос. ғ.д., профессор А.Д. Құрманалиеваның жетекшілігімен «Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Әскенұлы Е. дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранттары мен студенттеріне «Патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлаудағы миссионерлік әдістердің рөлі» атты диссертация тақырыбына ғылыми семинар өткізді. Семинар барысында миссионерлік ұғымының ғылымдағы анықтамалары, Патшалық Ресейдің шоқындыру саясатының бастамалары, қазақтарды шоқындырудағы православиелік шіркеудің орны, әдістері және т.б. мәселелер жөнінде түсініктер берілді. Ресей империясы Православие шіркеуінің қызметіне үлкен қолдау көрсете отырып, империя құрамындағы халықтарды шоқындыруға, орыстандыруға ерекше мән берді. Патша үкіметі ислам дінінің, исламдық білім берудің дамуына кедергілер, шектеулер жасады. Семинарға қатысушылар қазіргі кездегі православиелік сенімнің қазақ халқына тигізген әсері, жаңа діни ұйымдардың миссионерлік қызметінің ерекшеліктері жөнінде сұрақтар қойып, қажетті жауаптарын алды.

Басылым күні :  10.11.2016