Арбаттағы «Қазіргі Қазақстандағы дін және жастар» атты дөңгелек үстел негізіндегі көпшілікке арналған акция.

2016 жылдың 24 қыркуйегінде сағат 13:30 Арбатта Алматы қаласының Прокуратурасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттанукафедрасының ұйымдастырумен «Қазіргі Қазақстандағы дін және жастар» атты дөңгелек үстел негізіндегі копшілікке арналған акция өтті. Іс-шара жүргізүшінің сәлемдесу сөздерінен басталып мәдениеттану мамандығының 4 курс студенті Ануарбекова Гульжайнаның ән шашуымен жалғасты. Содан кейін оқушыларға арналған интеллектуалды викторина өтті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Келесі кезекте «Мен әлемді суреттеймін» атты жас қатысушыларға арналған конкурс өтті. Қатысушылар асфальт бетінде өздерінің әлем бейнесін салды. Суреттер арасынан ерекше деп танылған үш сурет таңдалып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Іс-шара барысында стендте қатысушыларға экстремиз және терроризм жайлы ой-пікірлерін жазып жабыстыратын арнайы қабырға ұйымдастырылды. Ең кішкентай қатысушылар да өз ойларын білдірүге ниеттенді. Көркемсурет жарысынан кейін ересек қатысушыларға арналған ойын жүргізілді. Қатысушыларға көңілді сұрақтар қойылды. Қатысушылар ойыннан керемет әсер алды десе болады. Іс-шараның ең маңызды бөлімі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің дінтану мамандығының 3 курс студенттерінің флэш-моб биі болды. Студенттер өздерінің биімен қатысушылардың көңіл-күйін көтерді. Іс-шараның соңында қатысушылар «Біз өмір сүргіміз келеді!» ұранымен аспанға турлі-тісті шарлар жіберді. Сондай-ақ, іс-шараға белсенді қатысқан студенттер Алматы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры алғыс хаттарымен марапаттады.

Альджанова Н.К., Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ғылыми-инновациялық және халықаралық қызметтестік жұмыс бойынша меңгеруші орынбасары, Нұрлан Ә.Н., дінтану мамандығының 2 курс магистранты

Басылым күні :  08.11.2016