«Исламдағы адам құқықтары»

2016 жылдың 28 қыркүйегінде философия ғылымдарының докторы Н.Ж.Байтенова мен дінтану мамандығының 1 курс магистранты Е.Әскенұлының ұйымдастыруымен танымал исламтанушы Қ.Құрманбаев магистранттар мен докторанттарға дәріс оқыды. Дәріс тақырыбы «Исламдағы адам құқықтары». Исламтанушы ғалым өз дәрісінде мұсылмандық құқықтың ерекшеліктерін, қалыптасу тарихын, бүгінгі хал-ахуалын кеңінен баяндап берді. Дәріс соңында магистранттар мен докторанттар Қ.Құрманбаевқа исламдағы құқық мәселесіне қатысты сауалдарын қойды.

 

Басылым күні :  08.11.2016