«100 кітап» жобасы аясында С.Ерубаевтің «Менің құрдастарым» атты еңбегін талқылау

2016 жылдың 3 қарашасында филос.ғ.д., профессор Ғабитов Т.Х жетекшілігімен «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс магистранты Манапова А.Б. «100 кітап» жобасы аясында С.Ерубаевтің «Менің құрдастарым» атты еңбегін талқылау өткізді.

Талқылауда романдағы Кеңестік Қазақстанның жұмысшы жастарының өмірі жайлы, адамдардың ой-санасы биіктегенін, достықтың, еңбектің, адамдықтың жолы кеңейгені жайлы сөз қозғалды.

Сонымен қатар, қуаныш пен қайғыға толы өмір, тағдырмен күресу, қажырлы еңбек пен асқан шыдамдылық суреттелетіні айтылды.

Басылым күні :  07.11.2016