Тәрбие сағаты, «Конфессияаралық және этносаралық татулық –мемлекет тұрақтылығының кепілі»

2016 жылдың 2 қарашасында Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Мұқан Нұрзат пен дінтану мамандығының 2 курс магистранты Әскенұлы Елнұрдың ұйымдастыруымен Стандарттау, сертификаттау, метрология мамандығының 2 курс студенттеріне «Конфессияаралық және этносаралық татулық –мемлекет тұрақтылығының кепілі» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ашық тәрбие сағатында конфессияаралық және этносаралық татулықтың Қазақстан қоғамы және жалпы әлемдік кеңістік үшін мән-маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар ҚР Президенті бастамасымен құрылған Қазақстан Халқы ассамблеясы, Астанада 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі жөнінде мәліметтер берілді.

Басылым күні :  04.11.2016