«100 кітап» жобасы аясында, Ш. Құдайбердиевтің шығармашылығына арналған әдеби кеш

2016 жылдың 28 қыркүйегінде дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Н. Мұқан мен дінтану мамандығының 2 курс магистранты Е.Әскенұлының ұйымдастыруымен № 9 Студенттер үйінде «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында ақын, ойшыл Ш. Құдайбердиевтің шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. Бастапқы тұста ұйымдастырушы тарап 1 курс студенттеріне «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасының мақсаттары жөнінде түсіндірді. Одан әрі Шәкәрімнің өмір жолын, ақындығын, ойшылдығын баяндайтын деректі фильм көрсетілді. Студенттер кеш барысында Шәкәрім шығармашылығына және қазіргі кітап оқу мәдениетіне қатысты ой-пікірлерін белсенді түрде білдіріп, жаңа ұсыныстар айтты. Атап айтқанда студенттер Н.Низяов, Б.Сейдахметов, А.Серікболова, Ұ.Мүтәліп т.б. студенттер Шәкәрімнің шығармашылығын кеңінен ашып, сипаттап берді. 

Басылым күні :  03.11.2016