«Айналаңды нұрландыр», Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз!

2016 жылдың 27 қыркүйегінде Дінтану мамандығының аға оқытушысы Мұқан Нұрзат пен дінтану мамандығының 2 курс магистранты Әскенұлы Елнұрдың ұйымдастыруымен № 9 Студенттер үйінде жастар арасындағы терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында тәрбиелік іс-шара өтті. Ең алдыңғы кезекте студенттерге өзбекстандық «Алданған әйел» фильмі көрсетілді. Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл фильмде радикалды ағымның жетегінде кетіп, отбасынан айырылған адасқан әйелдің тағдыры көрсетіледі. Бас кейіпкердің жүріп өткен жолы, оның қалай теріс жолға түскенін сараптай отырып, көрермендер де өздеріне сабақ алады. Фильм аяқталғаннан соң студенттер жеке ой-пікірлерін білдірді. Жастардың жалған діни ағымдарға кетпеуі үшін қандай іс-шаралар жүргізілуі керектігін студенттер де өз тарапынан білдірді. Жиын соңында аға оқытушы Мұқан Нұрзат студенттерді ата-баба дәстүрінен ауытқымауға, теріс діндерден сақ болуға шақырды.

Басылым күні :  03.11.2016