"100 кітап" жобасы аясында «Абайдың "қара сөздері"» тақырыбында шара

Қазақ Ұлттық университетінде 6 қазан күні сағат 11:00 де дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті Ж.О. Қаңтарбаеваның ұйымдастыруымен "100 кітап" жобасы аясында «Абайдың "қара сөздері"» тақырыбында шара өткізілді. Ол шарада Абайдың қара сөздеріндегі дін мәселесі жөнінде талқылау жүріп және діннен бөлек басқа қара сөздеріндегі тәлім-тәрбие, өнеге жайлы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар бұл шарада Абайдың қара сөздері - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы жайлы айтылып кетті. Бұл шарада 4 курс дінтану мамандығының студенттері Абайдың әрбір қара сөздеріне тоқталып кетті. Оныңқазіргі қоғамдағы тәрбие мәселесіндегі өзектілігі мен маңыздылығынатап өтті.

Басылым күні :  02.11.2016