«Алматының мәдени келбеті».

2016 жылдың 28-қазанында Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушы-профессор және студенттік құрамы Алматы қаласының 1000 жылдығына орай «Алматының мәдени келбеті» атты факультеттік студенттік конкурс өтті. Эдвайзерлік іс-шара өте қызықты өтті. Конкурс үш турдан құралды: командалардың таныстыруы,викторина сұрақтарына жауап және «Алматының мәдени болашағы» атты презентация-жоба қорғалды. Қазылар алқасының шешімімен 1-орынды Дінтану 1 курс студенттерінен құралған командасы, 2-орынды 2 курс Мәдениеттану студенттерінен құралған командасы және 3-орынды Дінтану 1 курс студенттері мен 1 курс Мәдениеттану студенттерінен құралған құрама командасы иеленді.

Конкурсты ұйымдастырушылар: 3-курс «мәдениеттану» мамандығы студенттері, «мәдениеттану» мамандығы 2-курс PhD докторанты А.Жанбатыр, филос.ғ.д., профессор Т.Х.Ғабитов және филос.ғ.к доцент м.а. К.А.Бияздыкова.

Басылым күні :  02.11.2016