«Жалпықазақстандық мәдениетті қалыптастырудағы тілдік үдерістердің ролі (лингвомәдениеттанулық талдау)» атты докторлық диссертациясы ғылыми семинарда

2016 жылдың 6-қазанында Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының «6D020400-Мәдениеттану» мамандығының 2 курс докторанты Жанбатыр Амангелді Сапабекұлының «Жалпықазақстандық мәдениетті қалыптастырудағы тілдік үдерістердің ролі (лингвомәдениеттанулық талдау)» атты докторлық диссертациясы ғылыми семинарда талқыланды.

Ғылыми семинар барысында 2 курс докторанты Жанбатыр Амангелді Сапабекұлы «Жалпықазақстандық мәдениетті қалыптастырудағы тілдік үдерістердің ролі» атты докторлық диссертациялық жұмысының жалпы сипаттамасымен, өзектілігімен, мазмұнымен, құрылымымен, ғылыми-теориялық және әдіснамалық негіздерімен таныстырып шықты.  Ғылыми жұмысына байланысты қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді.

Ғылыми семинарға докторант жетекшісі философ.ғ.д, профессор Т.Х.Ғабитов, 3-курс «мәдениеттану» мамандығының студенттері қатысты.

Басылым күні :  02.11.2016