PhDдокторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысы

2016 жылдың 21 қыркүйегінде философия және саясаттану факультеті деканы,филос.ғ.д., профессорМасалимоваА.Р. дінтану және мәдениеттану кафедрасы PhDдокторанттарына семинар өткізді.

Декан Масалимова А.Р. PhD докторанттарын ғылыми-зерттеу жұмысының процедурасымен таныстырды: отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілерге қойылатын талаптар, ғылыми-зерттеу жұмысының жеке жоспары, ғылыми жобаларға қатысу, ғылыми-зерттеу жұмысын аттестаттау барысында кафедра мәжілісінде зерттеу жұмысының нәтижелерін көрсету, ғылыми-зерттеу жұмысын аттестаттау шарттары (бекітілген жоспар бойынша ғылыми мақалаларды жариялау) және процедураның бір қатар мәселелері. Сонымен қатар PhD докторанттың ғылыми басылымдар жоспарында мақалалар тақырыптары, ғылыми баспа аттары, мақала жазу уақыты көрсетілу керектігін; ал ғылыми тағылымдама жоспары мақсаты мен міндеттері көрсетілген тағылымдама бағдарламасын, тағылымдама базасын, өту мерзімдерін айқындау қазжеттігін айтты.

Докторанты специальностей “6D020600-Дінтану”, “6D020400-Мәдениеттану”, “6D021500-Исламтану” мамандықтарының PhD студенттері ғылыми–зерттеу қызметіне қатысты барлық өзекті сауалдарына жауап алды.

Альджанова Н.К, дінтану және мәдениеттану

кафедрасының оқытушысы

 

Басылым күні :  02.11.2016