«Жастардың құндылық бағдарларына мәдениеттанулық талдау» атты ғылыми семинар

2016 жылдың 20 қазанында дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д. Исмагамбетова З.Н. жетекшілігіндегі мәдениеттану мамандығының 2 курс магистранты Қабылбаева Н.Қ. «Жастардың құндылық бағдарларына мәдениеттанулық талдау» атты ғылыми семинар өткізді. Семинар аясында жастар арасында құндылықтар түсінігі, әлемдік өркениетке бетбұрыс жағдайындағы жастардың   құндылық бағдарларының қалыптасуы мен өзгеруі және де сол жастар бойында ұлттық құндылықтарды дарыту, мәдениетімізді сақтап қалу үшін қоғамда жастармен жұмысты барынша екі есеге арттыруын тілге тиек етті. Ауыл және қала жастарына салыстырмалы түрде талдау жасалынып, олардың арасындағы айырмашылықтарға тоқталды, туындаған мәселелерді шешу үшін өзінің ұсыныстары мен тығырықтан шығудың жолдарын көрсетті. Ғылыми семинарға «5В020400-Мәдениеттану» мамандығының 2 курс студенттері мен кафедра меңгерушісі Құрманалиева А.Д. және кафедра доценті Бияздықова К. қатысты.

профессоры, филос.ғ.д. Исмагамбетова З.Н. жетекшілігіндегі

Мәдениеттану мамандығының

2 курс магистранты Қабылбаева Н.Қ.

 

Басылым күні :  01.11.2016