«Қазақстан Республикасы мәдени саясаты концепциясына аксиологиялық талдау» тақырыбында ғылыми семинар

2016 жылдың 25 қыркүйегінде филос.ғ.д., профессор Т.Х. Ғабитов және 2 курс магистранты А.Т. Сариева дінтану және мәдениеттану кафедрасының студенттері мен магистранттарына «Қазақстан Республикасы мәдени саясаты концепциясына аксиологиялық талдау» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарға қатысушылар ҚР мәдени саясатының бүгінгі мәселелері, Еуразияшылдық идеясы, тіл саясаты төңірегінде ой қозғады. Талқылауға қатысушылар мәдени саясат әрбір жемісті мемлекеттің негізгі идеологиялық қалпы ретінде қоғамның басты құндылықты бағыттары мен тұлғаның парасаты басталуын қалыптастыратын ашылым деп пікірлер білдірді. Мәдениетті қоғамда қалыптасып қалған қағида бойынша бос уақыт демалысы мен ойын-сауық саласы деп қарастырмай, ең алдымен мәдениетті ұлттық идеологияның қалыптасуының мықты құралы, елдің әлемдік кеңістіктегі мәдени дамуы мен орнығуы тұрғысынан қарастыру қажеттігі аталып өтті.

А.Т. Сариева,

философия және саясаттану факультетінің

2 курс магистранты

Т.Х. Ғабитов, филос.ғ.д., профессор

 

 

 

 

 

 

 

Басылым күні :  01.11.2016