Қазақстан жастарының діни сауаттылығының қазіргі жай-күйі және қалыптасқан мәселелер

29 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Нұр» дінтанушылар клубы Орталық Азия университетінде «Қазақстан жастарының діни сауаттылығының қазіргі жай-күйі және қалыптасқан мәселелер» атты бірлескен дөңгелек үстел өткізді. Жиынға қос университеттің оқытушылары және студенттері қатысты. Қатысушылар жастардың діни сауаттылығы мәселесін талқылауда жоғары белсенділік көрсетті. «Не себепті жастар түрлі діни ағымдарға мүше болады?», «Діни ағымдардың жастарды тарту әдістері қандай?», «Жастардың рухани иммунитетін қалай күшейтеміз?» деген мәселелік сұрақтарға жауаптарды студенттер өздерінің ғылыми мақалаларында айтып өтті. Бүгінгі күннің өзекті мәселесін жас буынның өз тарапынан талдауын жақсы көрсеткіш деп бағалауға болады. Жиын соңында Орталық Азия университетінің Педагогика, әлем тілдері және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Ф.Шуканова, педагогика және гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Д.Тәңірбергенова, аға оқытушы Н.Исмаил, дін тақырыбындағы республикалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі, «Нұр» дінтанушылар клубының жетекшісі Қ.Бағашар өз пікірлерін білдіріп, осы жиын барысында айтылған ұсыныстардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар қос университеттің ғылыми байланыстарын одан әрі арттыруға уағдаласты.



Басылым күні :  01.11.2016