«Қазіргі Қазақстандағы діни жағдай және оның БАҚ беттерінде ақпараттандыруы»

2016 жылы 21 қазанда философия және саясаттану факультетінде «Қазіргі Қазақстандағы діни жағдай және оның БАҚ беттерінде ақпараттандыруы» мәселелері тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинарға философия және саясаттану факультеті деканының орынбасары, филос.ғ.к., доцент Мейірбаев Б.Б., дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор Құрманалиева А.Д., филос.ғ.д., профессор Байтенова Н.Ж. қатысып, аталған тақырып бойынша баяндама жасалды. Сонымен бірге дінтану мамандығының 2 курс магистранты Назым Ақтанбердінің диссертациялық жұмысы бойынша алғашқы тыңдалымы өтті. Семинарға п.ғ.к., доцент Сейітнұр Ж.С., с.ғ.к., доцент Омарғазы. Е.Е., БАҚ өкілдері: Республикалық «Дәстүр журналы», «Дала мен қала газеті», «Қамшы ақпарат порталы», «7 күн пор

талы», «Массагет интернет-порталы» халқаралық «Түркістан газеті», «халқаралық Қазақстан-заман газеті», «muftyat.kz cайты» т.б. БАҚ қатысты. Тақырып жан-жақты талқыланып, журналистер тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Ұйымдастырған: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д. Байтенова Н.Ж., дінтану мамандығының 2 курс магистранты Назым Ақтанберді.

Басылым күні :  01.11.2016