встреча со звездой

Жұлдызбен жүздесу 

Жуырда, ақпан айының бесінші жұлдызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы, 4 курс мәдениеттану мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен танымал әнші, актриса, тележүргізуші Айгүл Иманбаевамен кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында құрметті қонағымызға түрлі бағыттағы сауалдар қойылып, тыңдармандары атынан ізгі тілектер айтылды. Қатысушылар Айгүл Серікқызынан бүгінгі күні өнер әлеміндегі жаңалықтарынан сауалдарға жауап алды. Айгүл әпкеміздің қатысуымен өткен бұл шара студенттерге өз дәрежесінде рухани азық беріп, ұнамды ашық әңгімеге ұласты. Кеш барысында танымал әнші өзінің ҚазҰУ – нің түлегі екенін мақтанышпен атап өтті. 

Басылым күні :  06.03.2015