Мәдениеттану» бойынша Республикалық пәндік олимпиада

«Мәдениеттану» бойынша Республикалық пәндік олимпиада

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасы Мәдениеттану пәні бойынша білім беретін, сонымен қатар мәдениет мәселелерін өзекті түрде қарастыратын ЖОО арасында іскерлік және кәсіби байланыс орнату мақсатында 2016 ж. наурыздың 29-31 жұлдызында Республикалық студенттік олимпиада өткізді. Олимпиадаға әл-Фараби ат. ҚазҰУдан 2 команда «Авангард», «Жалын» және Қазақ Қыздар Педагогикалық университетінен «Томирис» тобы; С. Торайғыров ат. ПМУ «Тенгри» тобы; ҚР ҰҚК Әскери институтының «Отан сақшысы» тобы қатысты.

 

Басылым күні :  11.05.2016