"Мәдениет пен діннің өзекті мәселелері: оқушы көзқарасы» атты мектептік секция

"Фараби әлемі" аясында «Мәдениет пен діннің өзекті мәселелері: оқушы көзқарасы» атты мектептік секция өтті. Уақыты: 11 сәуір 2016 ж. 14.00-18.00, Аудитория ФФиП 124 ауд.  Секция жетекшісі: филос.ғ.к. Джекебаева М.А. Қатысқандар; №36 гимназия, 10 сынып, бейіндік мектеп, 11 сынып,  №178 гимназия -9 сынып оқушылары.


  Барлық оқушылар өз презентацияларын баяндап, қызу талқыласты. Сұрақтар пікірлер алмасты. Маймышева Асел Айповна-№36 гимназияның «Дінтану» пәнінің оқытушысы өз сөз кезегінде діндерге деген пікірін айтты, Абайдың дінге көзқарастарын айта келе өлең жолдарынан үзінділер келтірді.   Секция жетекшісі:  филос. ғ.к. Джекебаева М.А. оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз пікірін ортаға салып, қатысушыларға сертификаттарын сыйлықтарын оқытушылар ұжымы шығарған «Қазақстандағы діндер» атты оқулықтарды сыйға тартып, алғысын білдірді

Басылым күні :  20.04.2016