100 кітап "Хантәңірінің мұзбалағы" Мақатаев

 

 

2016 жылдың 12 ақпанында 126 аудиторияда ФжСФ сағат 16.10-17.30 аралығында Философия және саясаттану факультетінің дінтану мамандығының 1 курс магистранттары мен дінтану мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен өтетін ақын М. Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Хантәңірінің мұзбалағы» атты жоғары оқу орындары арасында және факультеттер арасында әдеби кеш өтті. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың мұрасын насихаттауға арналған кеш «100 кітап» жобасы аясында өткізілді. Әдеби кешке Абай атындағы ҚазҰПУ 1 курс магистранттары  ҚазҰУ журналистика факультетінің магистранттары, дінтану мамандығының 1 курс магистранттары мен дінтану мамандығының 2 курс студенттері қатысты. Философия мамандығының 1 курс магистранты белсене қатысты. Қара өлеңдері оқылып, ақынның өлең мәтіндеріне жазылған әндер шырқалды, викториналық сұрақтар қойылып, ақын өмірінің қызықты сәттерінен видеолар көрсетілді. Соңында белсенді қатысушыларға Философия және саясаттану факультетінің деканаты дайындаған алғыс хаттар таратылды, алғыс айтылды.

Жауаптылар: Н.Ж. Байтенова, Б.М. Мейрбаев, М.А.Джекебаева, Ж.О.Кантарбаева

Басылым күні :  15.02.2016