«Адами капитал, инноватика» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция

«Адами капитал, инноватика» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті

 20 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен профессор, философия ғылымдарының докторы Нұржанов Бекет Ғалымжанұлын еске алуға арналған «Адами капитал, инноватика» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Конференцияға университетіміздің профессорлары, ТМД мемлекеттерінен келген көрнекті ғалымдар, Философия, саясаттану және дінтану институтының ғалымдары, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Конференцияның басты мақсаты - гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерін талқылап, профессор Бекет Ғалымжанұлының ғылымға сіңірген еңбегін ашып көрсету. Конференция аясында ғалымның ғылыми еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Конференцияны факультет деканы Масалимова Әлия Рымғазықызы мен профессор Тұрсын Хафизұлы жүргізіп отырды, Конференцияда факультет профессорлары Исмағамбетова Зухра Нұрланқызы, Молдабеков Жахан Жанболұлы, Алтаев Жақыпбек Алтайұлы, Әбдіғалиева Гүлжан Қанайқызы және қонақтар философия ғылымдарының докторлары Зәмза Қодар, Сәбит Мұрат, Бөлекбаев Сағади Байзақұлы, Бегалиев Нұрлан Қалаушаұлы, Аяжан Сағиқызы сынды ғалымдар баяндама жасады.

Конференцияны ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Ғабитов Тұрсын Хафизұлы және Бияздықова Кенжегүл Әлімбекқызы, мәдениеттану мамандығының 2-курс магистранттары Айниязова А., Құдайбергенов С., Аликбаева Ж., Жүсіпбеков Ш., Абенов Д., Есболова М. және кафедраның докторанттары мен магистранттары.

 

Басылым күні :  28.11.2015