«Green campus»

2015 жылдың 11 қарашасында Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасында «Green campus» жобасының аясында кафедра оқытушылары, куратор-эдвайзерлер, докторанттар мен студенттер үй өсімдіктерін өсіру, қайта отырғызу жөнінде тәжірибелік іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – өсімдіктерді табиғаттағы экологиялық үйлесімділікті қалыптастыру үшін өсіру мен сақтау.

Іс-шараға дінтану және мәдениеттану кафедрасы жетекшісінің м.а. Абжалов С.Ө., практика жетекшісі Борбасова Қ.М., оқытушылар Рысбекова Ш.С., Затов Қ.А., сондай-ақ «Дінтану» мен «Исламтану» мамандықтары бойынша 2-курс докторанттары, 2-курс магистранттары және 3-курс студенттері қатысты.

Студенттермен бірлесе егілген бөлме өсімдіктері кафедраға сыйға тартылды.

Басылым күні :  23.11.2015