"Мишкат" бағдарламасы бойынша эксперттер мен координаторлардың кездесуі
26 қазан күні «Мишкат» араб тілін қашықтан оқыту бағдарламасының екінші жылдық сессиясы аясында мамандығы араб тілімен байланысты оқытушыларға дәріс беретін мамандармен координациялық кездесу ұйымдастырылды. Сөзді ICESCO (Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы) бас директорының кеңесшісі Адел Бурауи бастады. Ол сарапшылардың барлығына сәттілік тілеп, ұсыныстар мен қарастыратын мәселелерді еруін түрде білдірулерін ұсынды. Ұйымдастырушылардың бірі доктор Мухаммад Исмаили Алауи биылғы сессияның бағдарламасымен таныстырды.

Одан кейін әр сарапшыға сөз берілді, олар бұған дейін жинаған тәжірибелеріне байланысты сабақтардың тиімділігін арттыратын ұсыныстармен бөлісті. Мысалы, Халед Атраштың айтуынша, қатысушы топтар дәрістен алдын оның материалымен танысып, бірнеше сұрақ дайындап келсе, бұл тақырыптарды меңгеруде оң нәтижесін береді. Сол үшін әр дәрістің кемі 25 бет мөлшерде материалы және 3 беттік қысқаша нұсқасы дайындалады. Сарапшылардың бірі Мұстафа Жағбуб бағалаудың маңыздылығын айтып, қорытынды емтихандарды қоюға қатысты өз ойын айтты. Ұйымдастырушы доктор Сана әл-Һилали оның екі кезең арасында не соңғы емтиханның бекітілуі мүмкіндігін білдірді. Хабиб Мағрауи болса академиялық сабақпен шектелмей, дәрістен алдын және кейінгі дайындықтың керектігін атап өтті. Осылайша, барлық сарапшылардың ой-пікірі ескерілді. Доктор Исмаили Алауидің айтуынша, дәріс беретін мамандарды таңдау оңай болған жоқ, себебі, оларға қойылатын талаптар жеңіл емес: сарапшылардың академиялық дәрежесінен тыс, коммуникативтік, білім беру тәжірибелеріне мән беріледі.
Негізінен, «Мишкат» бағдарламасына Африка және Азия елдерінен он шақты оқытушылар тобы қатысады. Сарапшылардан кейін қатысушы топтардың координаторларына сөз берілді. Қазақстаннан координатор ретінде Қазақ ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі филос.ғ.д., профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы және аталған кафедраның аға оқытушысы Аликбаева Маржан Башановна қатысты. Оқу барысына қатысты сұрақтарға жауап берілгеннен кейін сарапшыларға сертификаттар табысталып, аталған шара тәмамдалды.







