«Егемен елдің еңсесі биік» атты кураторлық сағат
27 қазан күні Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кудерина Айжан Нурхамитқызының ұйымдастыруымен, «6В020500-мәдениеттану» 2-курс студенттері Республика күніне орай «Егемен елдің еңсесі биік» атты кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта Егемен елдің тарихындағы жетістіктері, рухани-экономикалық еркіндік, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен терезесі тең, дамыған елдермен бірдей қарым-қатынас жасау сынды жетістіктердің барлығының алтын бастауы – ел тәуелсіздігі екені айтылды.

Басылым күні : 27.10.2023






