Студенттер «Қызыл орамалды шынарым» қойылымын тамашалап қайтты
2023 жылдың 22 қазан күні «6В02203 – Дінтану» мамандығының 1 курс студенттері және куратор-эдвайзер Дүйсенбі Динара Темірбайқызы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында сахналанған «Қызыл орамалды шынарым» қойылымын тамашалады.
Қойылым жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Арманым, Әселім» хикаясын арқау еткен сүйіспеншілік, адалдық, сыйластық, достық, жауапкершілік, қамқорлық сынды тақырыптар қозғалатын лирикалық драма.

Басылым күні : 25.10.2023






