"Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде азаматтық қоғамның рөлі" атты дөңгелек үстел
2023 жылдың қазан айының 12-ші жұлдызында Алматы Азаматтық Альянсының төрағасы және XI Республикалық Азаматтық форумның ұйымдастыру комитетінің мүшесі, PhD, спикер Абдыхалыков Каиржан Саясатұлымен Қазақстанның "Тұрақты даму мақсаттары" аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел тақырыбы: "Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде азаматтық қоғамның рөлі". Дөңгелек үстелде тұрақты дамудың 17 мақсаттарының мәнін жеке-жеке түсіндірумен қатар ТДМ-на қол жеткізу бойынша заманауи міндеттер туралы айтылды. Алматының азаматтық қоғамының ТДМ-ны оқшаулау, өңірлік деңгейде орнықты даму мақсаттарының жекелеген индикаторларын іске асыру жөніндегі жұмысы көрсетілді.
Ұйымдастырушылар: Омирбекова А.О. Есболова М.А. Сариева П.М. Алибаева А.Н.







