Оян қазақ» фильмі талқыланды
15.10.23 жылы 2-курс мәдениеттанушы докторанттары Қ.Д. Нарымбаев, М.М. Магзумов, Ә.Б. Исламбеков тұрақты даму мақсаттары аясында кафедраның профессоры Зухра Нурлановнамен бірге "Оян қазақ" фильмін тамашалады. Тамашалау мақсаты қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан осы фильмге мәдениеттанулық талдау жүргізу. Кино залында жас ерекшеліктеріне қарай 26 мектеп оқушысы, 15 орта колледж студенттері, 42 ересек жастағы көрермендер болды. Залда отырған көрермендерге бақылау және сұхбаттасу әдістері арқылы мәдени талдау жүргізілді. Фильмді көру кезінде көрермендердің шынайы эмоционалды көріністері мен қобалжулары байқалды. Фильмде қазақ халқының мәдени ұлттық бірегейлігі, ұлттық санамыздың қалыптасуы, ұлттық тіл, рух, батылдық, еркіндік секілді ұғымдардың шынайы бейнесі айқындалды. Билік пен қарапайым халықтың арасындағы тікелей және жанама байланыстардың көрінісі байқалды. Қазақ мәдениетінің нық қалыптасуына әрбір адамның үлесі орасан зор.







