Кездесу
Қыркүйектің 29-шы жұлдызында философия және саясаттану факультетінің деканы Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы Назарбаев университетінің профессоры Анджанш Гош мырзамен кездесіп, қазіргі таңдағы қоғамның өзекті мәселесі - дін саласындағы зерттеулер туралы сұхбаттасты.
Кездесу барысында дін саласындағы экономика, яғни біздің Алматы қаласындағы діни қауымдастықтар шоғырланған жерлер, сауда- саттық орталықтары туралы әңгімелесіп, осы бағыттағы зерттеулердің бағыт - бағдарын айқындады. Кездесуге дінтану және мәдениетттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Дүрбелеңқызы Курманалиева және осы кафедраның жас ғалымдары Альджанова Нұрлыхан Кожабергенқызы , Мырзахмет Аманқұлұлы қатысып, болашақ зерттеулердің аясын бекітті. Және теориялық материялдармен қоса далалық зерттеулердің ең өзекті тақырыптарын белгіледі. Бұл талқылау барысында үлкен зерттеулерді Scopus журналының материалдарына жариялау бойынша нақты бағыт бағдарлар берілді.







