Студенттердің оқу практикасы аяқталды
29.05 мамыр мен 17 маусым аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы дінтану және мәдениеттану мамандығының 1-курс студенттерімен оқу практикасы өткізілді. Жалпы ғылыми, мәдени әдістемелік және арнайы пәндер бойынша алған білімдерін бекіту және тереңдету, теориялық білімдері негізінде іскерлік дағдыларын қалыптастыру басты мақсат болды. Практикалық жұмыста студенттер көптеген діни-мәдени мекемелерге, ұлттық кітапханаларға, мәдени орындарға, соның ішінде музей, театр және т.б. мекемелерге барып, өзінің алған білімдерін тәжірбиелік тұрғыда жетілдіре түсті. Практика, студенттердің жалпы ғылыми, пәндік және діни-мәдени дайындығын байланыстыруға бағытталған.
Жетекшілері: Куратор-эдвайзер Мұқан Нұрзат, Кудерина А.Н.







