«КСРО-дан кейінгі сопылық» ұжымдық монография
2023 жылдың 16 маусымында Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева А.Д., факультет деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Альчимбаева А.Б., сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы тарих ғылымдарының кандидаты, ММХҚИ Еуразиялық зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ярлыкапов А. А. кездесу өткізді. Профессордың ғылыми қызығушылық саласы: этнография (этнология және антропология), дінтану, исламтану, қазіргі этносаяси және этноконфессиялық процестер, Солтүстік Кавказ және Дағыстан халқы. «Мәдениеттану» мамандығының докторанты Р.Зейнуллиннің шетелдік ғылыми кеңесшісі (2021-2024 жж.).
Кездесу барысында Ярлыкапов А.А., өзі авторлас болып табылатын "КСРО-дан кейінгі сопылық" (редакторлары: Игорь Панков, Сергей Абашин, Александр Кныш) ұжымдық монографияны Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Д. Құрманалиеваға табыс етті. Ұжымдық монография кафедра оқытушылары мен студенттеріне арналған.







