«Денсаулық сақтау технологиялары және студенттермен жұмыста тиімді қарым-қатынас» тақырыбында семинар-тренинг

2013 жылғы 16 маусымда философия және саясаттану факультетінің кураторлары үшін философия және саясаттану факультеті мен «Партнёры во имя здоровья» ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Денсаулық сақтау технологиялары және студенттермен жұмыста тиімді қарым-қатынас» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Өткізілген орны: "Қазжол" қонақ үйі (Гоголь көшесі, 127/1), «Алтын адам» залы.

Ұйымдастырушылар: деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, филос.ғ.к., Өмірбекова А.Ө., псих.ғ.д., профессор Мадалиева З.Б., псих.ғ.к., аға оқытушы Құдайбергенова С.К. Іс-шара соңында қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.

Айта кетсек, осы жиында факультет басшылығының шешімімен оқу-тәрбиелік іс-шараларға белсенді атсалысқаны үшін кафедраның аға-куратор эдвайзері Нұрзат Мұқанқызы факультет деканының грамотасымен марапатталса, куратор-эдвайзер Айжан Нұрхамитқызы, Серғазы Ережепұлы қатысу сертификатына ие болды.


Басылым күні :  18.06.2023