«Рәміздер - ұлттық мәдени код» тақырыбында дөңгелек үстел

05.06.23ж. Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы мәдениеттану мамандығының 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен мәдени-танымдық дөңгелек үстел іс- шарасы өтті. Ортада маңызды тақырыптар көтеріліп, мәдениеттану 1-курс студенті Сейіткамал Болат «Мемлекеттік рәміздер», Анарбай Айгерім – «Ұлттық діл мәдени код ретінде», Жақсылықызы Қарақат –«Рухани мұра-ұлттық фольклор», Жамбыл Арайлым – «Ұлттық киім -мәдени рәміз», Дінтану мамандығының 1-курс студенті Эрик Малика – «4 маусым-мемлекеттік рәміздер күні» атты баяндама жасады. Тақырып барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп ортаға салды. Іс-шараның мақсаты-Еліміздің бірегейлігі мен тұтастығын қалыптастырып тұрған ұлттық мұраның бірі, мәдени кодты тасымалдаушы рәміздердің құндылығын таныту әрі дәріптеу. 

 

Басылым күні :  08.06.2023