Студенттер музей түні іс-шарасына қатысты

18.05.2023 ж. Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кудерина Айжан Нурхамитқызының бастамасымен «6В03102-мәдениеттану» мамандығының 1-курс студенттері халықаралық музейлер күніне орай Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Музей түні» іс-шарасына қатысты

«Музей түні» - Халықаралық музейлер күніне арналған жыл сайынғы акция, онда көптеген мәдени мекемелер кең аудиторияға, әсіресе жастардың музейлерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылады. «Музей түні» акциясы - Алматының мәдени өміріндегі маңызды оқиға. Іс-шара барысында, үрмелі аспап саксофон үні әдемі кештің шымылдығын ашты. Концерттік бағдарламаға танымал әнші Ғазизхан Шекербек, Музарт тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов, «Украина даусы» шоуының финалисті Ерлан Байбазаров, «Tengri ethno music band» қатысты. Іс-шараны өткізу барысында көптің қызығушылығын арттыру үшін «Тірі музей» театрландырылған қойылымдар да ұйымдастырылды. Атап айтқанда, көрермендер назарына қола дәуіріндегі әйел, қазақ батырлары, сәулетші П.Гурде, инженер М.Тынышбаев, Академик Қ.Сәтбаев, Ұлт мұғалімі Ахмет Байтұрсынұлы, ұлы күйшілер Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев, Біржан Сал, әнші Ақан Сері және т.б. Жоғары да аталып өткендей концерттік бағдарламадан басқа, квест интелектуалдық ойындар, шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Квестке белсене қатысқан «6В03102-мәдениеттану» мамандығының 4-курс студенттері арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Басылым күні :  22.05.2023